Астанаға Назарбаевтың есімін беру қайта ұсынылды

0 0

Елорданы президенттің есімімен атау туралы идеяны бұл жолы тұңғыш ғарышкер әйел, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтап, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Астанадай тамаша қаланың тұрғындарын, бүкіл қазақстандықтарды осы бір айтулы күн – қаланың 20 жылдғымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев салған қала. Астана деп емес, президенттеріңіздің есімімен атау керек деп санаймын. Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, біздің президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының достық қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтамыз. Өте қуаныштымыз», — деді Терешкова Мемлекеттік думаның Астанаға жұмыс сапары кезінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.