Еуропалықтар баласыз және жалғыз өмір сүргенді жақсы көреді

0 13

Еуропалық одақта жалғызбасты өмір салтын таңдайтындардың саны өсіп келеді. Бұл деректер «Евростат» статистикалық қызметі жүргізген зерттеу мәліметтерінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тенденция жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылы ЕО-да тұрғындардың 34 проценті баласы жоқ жалғызбасты ересек адамдар болған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 3% жоғары.

Кейбір елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Мысалы, Латвияда 2010 жылы жалғыз тұратын баласыз ересектердің үлесі тұрғындардың 25 процентін құраса, былтыр 35 процент болған.

Бір қызығы, неғұрлым солтүстікке қарай орналасқан елдерде жалғыз тұратын ересектар саны соғұрлым көп болады екен. Мәселен, Швецияда тұрғындардың 51 проценті, Данияда 44%, Португалияда 22%, Мальтада 20% баласыз жалғыз тұрады.

Еуропалықтар баласыз және жалғыз өмір сүргенді жақсы көреді

Дереккөз: Қазақпарат 

Leave A Reply

Your email address will not be published.