Парламент Мәжілісінің депутаты облыстық кәсіподақ өкілдерімен кездесті

0 1

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Кеңес Абсатиров облыстық кәсіподақ өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Кездесу барысында, Мәжіліс депутаты облыс аумағындағы шешімін күткен мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.

Облыстағы жарымжан жандардың тендерге қатыса алмауы, мемлекеттік субсидияға қол жеткізе алмай отырғандығы айтылды.

Кеңес Ғарапұлының айтуынша, мемлекеттік субсидия сұрайтын шағын кәсіпкерлер жобаға қажетті қаржы көлемін ұлғайтып көрсетеді екен. Ал, тексеріс кезінде шағын кәсіпті ашуға 2-3 есе аз қаражат кететіндігі анықталған.

Сондықтан, шағын кәсіп ашамын деген тұрғындарға жобасын жан – жақты зерделегеннен кейін ғана субсидияға сұраныс беру қажеттігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.