Жамбыл облыстық қазақ драма театры Елорда төрінде өнер көрсетеді

0 2

Бүгін Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін 12 шілдеде Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Қ.Бейсейітов пен Қ.Шандықбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясы мен А.Коровкинның «Тетки» комедиясы сахналанады.

«Беу, қыздар-ай!» – қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды.

Қойылымның қоюшы-режиссері белгілі талантты жас режиссер, әрі актер – Рүстем Жаныаманов.

Комедияның суретшісі – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Оқиға барысында қазіргі таңдағы елімізде бастау алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да көрініс береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.