Жамбылда спортпен жүйелі шұғылданатындардың саны артты  

0
7

Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 323 мыңнан астам адамға немесе 28,9%-ға жеткен. Бұл мәліметті ӨКҚ алаңында өткен брифингте дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков айтты, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Спортқа ден қойғандардың  14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 145,6 мың болса, дене мүмкіндігі шектеулі адамдар қатары 2814 адамды құрап отыр.

Айта кетерлігі, өңірде 46 спорт мекемелері,  6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты» және 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеп тұр. Ал олардың 28 – і  аудандарда орналасқан.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here