Жамбылда спорттың 43 түрі қамтылған

0 1

Облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі бар, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің мәліметіне қарағанда, облыстағы спорт мекемелерінде 24 065 спортшы 15 296 спортшы ауылдық спорт мектептерінде тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

Қазіргі таңда, Тараз қаласы мен аудандарда барлығы 25 аула клубы ашылған, соның ішінде 17 аула клубында спорттық секциясы бар. Аталған спорт секцияларында 41 жаттықтырушы 3000-нан астам спортшыны футбол, волейбол, баскетбол, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы т.б. спорт түрлерімен  жаттықтырады.

2018 жылдың сәуір айында Байзақ ауданында 5 спорттық секциясы бар 1 аула клубы ашылды.

Жыл соңына дейін облыстағы аудандарында аула клубтары мен Қаратау қаласында аула және балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубын ашу жоспарлануда.

Облыста спорт нысандарының жалпы саны 2119-ға жеткен. Оның ішінде аудандарда 1408 спорт нысаны орналасқан.

Бүгінде облыс бойынша қолжетімді 1605 спорт нысаны анықталды. Оның 517-і Тараз қаласында, 1088-і аудандарда орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.