Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты — Еуропа хабар таратушылар одағы

0 4

Еуропа хабар таратушылар одағының Шығыс Еуропа елдерімен қарым-қатынас бөлімінің жетекшісі Радка Бетчева фейк жаңалықтардың таралуы туралы өз пікірін білдірді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, фейк жаңалықтар тұтас журналистикаға деген сенімді азайтты.

«Жалған хабарларға мән бермей-ақ қоюға болар еді, бірақ оның салдары өте күрделі. Мұндай күмәнді жаңалықтар дау-дамайдың туындауына әкеп соғады. Біздің құндылықтар мен демократияға селкеу түсіреді. Ал халық кімге сенерін білмейді. Дезинформация қоғамның негізгі қағидаларын бұзады, ал дәстүрлі журналистика қашанда қоғамның бет-бейнесі болып саналатын», — деді Радка Бетчева Астанада өтіп жатқан «Медиа-2020» форумында.

Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

Сарапшының айтуынша, жалған ақпараттың таралуын көрген кей қолданушылар күліп қоя салуы мүмкін. Ал кейбірі жалған хабар арқылы әлеуметтік желіде оңай ақша тауып қалуды көздейді. Сондықтан да, ақпараттың қайдан алынғанына ерекше мән берген жөн.

Еске сала кетсек, елорданың 20 жылдық мерейтойы құрметіне Астанада «Азия медиа диалогы» жобасы аясында семинарлар мен конференциялар өтіп жатыр. Әлемнің 40 елінен 150-ден астам делегат келді. Форум бағдарламасы үш ірі шарадан құралған: «Азия елдеріндегі радио», «Азия ән фестивалі» және «Медиа 2020» форумы. Форум сессияларының бірі фейк-жаңалықтарға арналды.

Сондай-ақ, кездесу аясында жалған ақпараттармен күресу үшін Орталық Азия БАҚ-тарының одағын құру ұсынылды.

Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

Leave A Reply

Your email address will not be published.