Халық саясаткерлерге қарағанда ғылым сарапшыларына көбірек сенеді − ғалымдар

0 0

Сарапшылар кейде шындыққа жанаспайтын пікір білдіріп жатса да, халық үкімет тұлғаларына қарағанда соларға көбірек сенеді, — деп жазады The Independent басылымы.

Жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, Америка мен Ұлыбритания халқы ғылым сарапшыларына қатты сенеді екен. Сондай-ақ сарапшылар кейде «ақылға қонбайтын» идеяларды айтса да, адамдар саясаткерлерге қарағанда сарапшыларға көбірек сенім білдіретін көрінеді.

Лондондағы Мария университетінің ғалымдары ғылым сарапшылары мен «үкіметтік топтар», яғни саясаткерлер арасында халық кімге көбірек сенетінін анықтауға тырысқан. Ғалымдар халықтың белгілі бір шешім қабылдауына осы екі топтың қайсысының сөзі өтімдірек екенін де анықтап көрді.

Зерттеу барысында ғалымдар халыққа түрлі шарттар қойған. Оның ішінде «Кофені оңнан солға қарай араластыру пайдалырақ» деген секілді шындыққа жанаспайтын пікірлер пайдаланылған. Basic and Applied Social Psychology журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сенсек, халықтың көпшілігі үкімет тұлғаларына қарағанда, ғалымдарға көп сенетін болып шыққан. Оның ішінде ғалымдар тіпті өтірік шешім шығарып жатса да, адамдар соған сенетіні байқалған.

Мария университетінің биологиялық және химиялық ғылымдар мектебінің ғалымы, мақала авторларының бірі Магда Османның айтуынша, АҚШ пен Ұлыбритания халқы ғалымдарға көбірек сенеді және кейде олардың айтқандары шындыққа жанаспаса да, солардың сөзін құп көреді екен.

Үкімет адамдардың белгілі бір шешім қабылдауына әсер етуді көздейді. Денсаулық сақтау саласы, жеке қаржы саласы болсын, белгілі бір шешімге қарай үгіттеу немесе бағыттау – кез келген үкімет қолданатын жолдардың бірі.

«Халық дұрыс шешім қабылдау үшін кез келген ақпаратты толығымен сараптайтын болады. Өздері де белгілі бір сынаққа қатысар болса, халық дұрыс ақпарат беруге тырысады. Сондықтан да болар, халық билік өкілдеріне қарағанда ғылым сарапшыларына көбірек сенеді», — дейді зерттеушілер.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.