Орта Азия мемлекеттері шекарааралық су мәселелеріне байланысты сұрақтарды талқылады

0 1

Бұл мәселе Су ресурстарын басқару бойынша салааралық ынтымақтастықты нығайту және судың рөлін күшейту жөніндегі аймақтық кеңесте көтерілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кеңестің жұмысына Орталық Азиядағы 10 мемлекеттің, атап айтқанда Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің, халықаралық ұйымдардың (БҰҰ ЕЭК, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым), мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бұл кеңестің негізгі мақсаты – Орталық Азия аймағының және көршілес елдердің сарапшыларын су ресурстарын басқаруға тартылған салалардың ынтымақтастығын қамтамасыз етудегі тәжірибесімен алмасу үшін біріктіру және аймақтық деңгейде салааралық өзара әрекеттестікті нығайтудың ортақ тәсілдерін, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда судың рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

«Кеңес мүдделі секторлар арасында, соның ішінде су ресурстары, қоршаған орта, энергетика және денсаулық сақтау салаларында су ресурстарын кешенді басқарудағы диалогты дамытуға арналған. Кеңестің барысында қатысушылар қазіргі таңдағы кемшіліктерді салааралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолдарын талқылай отырып, аймақтық ұсыныстарды әзірледі, осы ұсыныстар болашақта Халықаралық суды бағалау орталығының жұмыс бағдарламасында қолдау табуы мүмкін», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық суды бағалау орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) арасындағы өзара түсінік туралы Меморандум негізінде шекарааралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің шешіміне сәйкес құрылған су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі халықаралық ынтымақтастық орталығы.

Ал, 2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық суды бағалау орталығының ашылуы өтті. Кеңсенің ашылуы аймақтық диалогтың тиімділігін арттыруға халықаралық ұймдармен су мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған қадам болды. Орталықтың Қазақстанда жұмыс істеуі елге аймақтық және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға және әлемдік қоғамдастыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі міндеті шекараалық су конвенциясын жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады. Халықаралық суды бағалау орталығы өз кезегінде Орталық Азия елдеріне, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК аймағына кіретін және одан тыс елдерге ерекше көңіл бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.