Астанада «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты көрме өтуде

0 1

Астана қаласында «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты археологиялық экспонаттар көрмесі өтуде. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтіп жатқан көрме Тараздың тың тарихынан сыр шертеді. Археологиялық экспонанттар Ұлы Жібек жолындағы көне қаланың тұрмысы, мәдениеті мен өнерінен хабар береді.

Көрмеге келушілер назарына 266-дан астам көне жәдігерлер ұсынылған. Олардың қатарында түргештер заманынан қалған сырғалар, білезіктер, өзгеше әшекейлер, қолдан құйылған шырағдандар бар. Аталмыш көрме осы жылдың 17-ші шілдесіне дейін жалғасады.

Сонымен қатар, қорық-музей аталған көрмені еліміздің Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Көкшетау қалалары мен Жамбыл облысының барлық аудандарында өткізу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.