Коммуналдық меншік нысандарын жалдауға беру тәртібі

0 102

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген.

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган береді.

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып береді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-3-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.

Осы қағидаларда төмендегідей негізгі ұғымдар пайдаланалады:

1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі;

2) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

3) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

4) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

5) тендер – бұл жалға беруші өзі ұсынған бастапқы шарттар негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

6) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

7) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – Тізілім);

8) Ұлттық почта операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлға;

9) шарт – мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты;

10) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі.

Объектiлердi тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

      Мынадай жағдайларда:

1) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге білім беру ұйымдарының, ғылым, мәдениет және спорттық ұйымдардың үй-жайларын беру;

2) кандидатқа, саяси партияға не олардың сенiм бiлдiрген адамдарына сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру;

3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (ауданына қарамастан) мен жабдықтар беру;

4) ауданы жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны 150 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы) беру;

5) банкоматтар мен мультикассалар орнатуға арналған алаңдар беру;

6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (олардың алаңына қарамастан) мен жабдықтар (олардың құнына қарамастан) беруді қоспағанда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер негізінде жүргізіледі.

      Өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың) және жарғының көшірмелерін;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін) көшірмелерін, тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қоса бере отырып;

Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттарын, не көрсетілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен электрондық нысанда тізілімнің веб-порталында ресімделеді.

Қатысушыларды тiркеу тізілімнің веб-порталында тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берушi тендерге қатысуға ниет бiлдiрушiлердің объект туралы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні қарауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайын, телефонын, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізілген деректерді өзгертеді.

Қатысушылартендерөткiзутуралыхабарламадакөрсетiлгенмөлшерде, мерзiмдердежәнетәртiппен, мемлекеттікмүліктіесепкеалусаласындағыбірыңғайоператордыңшотынакепiлдiкжарнаенгiзедi.

Тендер тізілімнің веб-порталында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Жалпы, ағымдағы жылы Тараз қаласы бойынша 59 мектеп асханалары және 24 тұрғын емес жайлар жалға берілген.Нәтижесінде жыл соңына дейін коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер201508коды бойынша 25,0 млн. теңге көлемінде түсім түсу болжамдануда.

 

Қалалық қаржы  бөлімінің басшысы  Ж.Паримбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.