Тараз тұрғындарына тегін азық – түлік таратылды

0 2

Бүгін аз қамтамасыз етілген 150 отбасына азық-түлік таратылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қайырымдылық іс – шара «Өркениет» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Қордың «Ақдастархан» жобасының аясында қаланың «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған» ауылдарындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына күнделікті күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты азық–түлік таратылып берілді. Жалпы 150 жанұя мүшелеріне таратылған себеттің әрқайсысының құны 6000 теңге тұрады.

«Қазіргі қымбатшылық заманда жетім – жесірлерге жәрдемдесіп жатқандарына үлкен рахмет. Мынау бала анасының құрсағында 7 айлық кезінен әкесіз қалып еді. Тапқан бір айлық жалақы ешнәрсеге жетпейді. Беріп отырған азық – түлікті, біз бір ай емес алты – жеті айға жеткіземіз», — деді Айша бибі ауылының тұрғыны Лескүл Әмірова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.