Тараз қаласының әлеуметтік — экономикалық даму дейгейі жоғарылады

0 224

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Сарытайдың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында қала кәсіпорындары 103 миллиард 596,7 миллион теңгенің өнімдерін өндірген.

Физикалық индекс көлемі 108,4 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 16 млрд. 278,4 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 291,2 мың теңге болып қалыптасты .

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

  — өңдеу өнеркәсібінде 76 млрд. 268,4 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 115,4% құрады;

— кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 249,9 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 160,4% құрады;

  — электрмен жабдықтау, газ беру саласында 26 млрд. 177,4 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 107,9%;

 — сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 900,9 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 108,1%-ды құрады.

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық — инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.

 Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2017 жылдары 19 млрд. 274,5 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, 290 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2018 жылы индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 8 млрд. 757,0 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылуда. Қосымша 581 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Оның ішінде 3 млрд. 860 млн. теңгені құрайтын 1 жоба 2019 жылға өтпелі болып табылады. Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ:

— «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Іске қосылу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айына белгіленген;

 — «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде. Іске қосылу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айына белгіленген;

 —  Жеке кәсіпкер «Жаңабекова» кондитер фабрикасы құрылысының 2-ші  кезеңі (печенье). Жоба құны 850,0 млн. теңге. Жобаның  жылдық  қуаттылығы 4,5 мың тонна, ашылатын  жаңа  жұмыс  орындары 70 бірлік. Іске қосылу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айына белгіленген;

 — «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салу. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге (оның 1238,8 млн. теңгесі жеке және 2621,1 млн. теңгесі қарыз есебінен). Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік. Іске қосылу мерзімі 2019 жылдың 3 тоқсаны болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның индустриялды картасынан тыс, екі инвестициялық  жобаны  іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқнда:

 — «Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар зауыты» аммофос 10:46 маркасы өндірісінің технологиялық жүйесін кеңейту болып табылады. Жобаның құны 8 млрд 13,5 млн. теңгені құрайды, кәсіпорынның қуаттылығын жылына 225 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыру көзделген.

— «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу. Жобаның құны – 1 млрд. 264 млн. теңге, қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 36 бірлік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.