Тұрмыстық зорлық-зомбылық  жағдайы азайды

0 30

Әйел баласына дәрменсіз жан қол көтерер. Өкінішке орай, ондай ер-азаматтар біздің қоғамымызда әлі де бар. Сондықтан әйел затын зорлық-зомбылықтан қорғаумен құқық қорғау органдары айналысуына тура келеді, десек те бұл мәселе ер-азаматтың мәдени және өнегелік даму деңгейі.

1999 жылдың 19 ақпанында Ішкі істер органдарының құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі құрылды, оның негізгі міндеті әйелдердің заңды құқықтарын, еркіндігі мен мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының түрлі бөлімшелерінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деректерінің жолын кесу мәселесінде өзара әрекеттестігін үйлестіру; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлерін, формалары мен әдістерін зерттеу; сондай-ақ оны жасауға ықпал еткен жағдайларға талдау жүргізу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу мәселесінде құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Басқа бір жағынан, полиция қызметкерлері әйелдер мен балаларға қатысты отбасы-тұрмыстық салада одан тыс та жасалған қоғамдық тәртіп бұзушыларға бұрын да қатысты шаралар қабылдаған. Әйелдерге әрдайым құқықтық көмек көрсетіліп келеді, себебі заңнама актілері ел азаматтарын жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайынан тәуелсіз бәрін бірдей қорғайды.

Өкінішке орай, соңғы кездері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деректері жиілеп кетті. Әйел заты, тонау, соның ішінде құнды заттары, ұялы телефоны және алтын бұйымдары салынған сөмкелерін ұрлау сияқты қылмыстың құрбандары болуда, оларға қатысты алаяқтық деректері де көп кездесетін жәйт.

Жәбірленушінің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпараттар болып табылады,  және олар жария етілмейді. Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарласып, дер кезінде көмек көрсетілген отбасыларда құқық бұзушылықтың одан әрі өршу деңгейі төмен болады.

Тараз қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері осы тақырыпта жұртшылықпен және қарт адамдар мен мүгедек жандарға бекітілген халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен сұхбат және дәрістерді жүйелі өткізіп отырады.

Тараз қ. ІІБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері зорлық-зомбылықтың алдын алуда 102 түсіндіру-профилактикалық сұхбаттар өткізді. Осы жұмыстың арқасында ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысымен отбасы жанжалдары бойынша шақырулар саны 1913-ден 1725-ге дейін кеміді. Отбасы жанжалдарын алдын алуда 1129 қорғау нұсқамасы шығарылып, полиция органдарының өтініш білдіруімен 45 отбасы жанжалқойларының мінез-құлқына сотпен ерекше талап қойылды, 379 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мекемесінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Ағымдағы жылы облыс орталығында орналасқан бұл дағдарыс орталығында  қиын жағдайға тап болған 24 әйел — 42 балаларымен қажетті көмек алды. Дағдарыс орталығына басым көпшілігінде күйеуі тарапынан күш көрсету, психикалық, экономикалық, сексуалдық зорлық-зомбылық көрген әйелдер орналастырылады.                                                                                    

                                        Тараз  қаласы ІІБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ аға инспекторы полиция                                            капитаны  А.Мусаева  

Leave A Reply

Your email address will not be published.