Тараздың су айдындарына түнгі рейд жүргізілді

0 3

ТЖ басқармасының мамандары ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен түнгі рейдке шықты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Құтқарушылар су айдындарында балалардың өлімін болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізуіне қарамастан, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу кезіндегі қайғылы оқиғалардың саны өсуде.

Статистикалық мәлімет бойынша, биыл 7 ай ішінде облыс аумағында суда қаза болған 11 қайғылы оқиға болса, 12 адам суға батып, оның ішінде 6 – уы жас бала екен.

Солардың ішінде айта кететіні, 16 шілдеде Тараз қаласының «Зербұлақ» көлінде шомылу кезінде туысқандарына қонаққа келген 2005 жылы туылған бала шомылуға жабдықталған орында суға батып, қаза болды. Дәл осы күні Талас өзенінде ағып кеткен 8 жасар баланың мәйіті бүгін табылды.

Бұл түнгі рейдтте тұрғындарға қарапайым ережелерді жеткізілді, ақпарат беріліп, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.