Болашақ стипендиаттары қай елдерде білім алып жүр

0 1

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің қай мемлекеттерді таңдайтыны туралы ақпарат берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта стипендиаттардың 48,5% Ұлыбритания мен Ирландияда білім алып жүр, 36,2% — АҚШ пен Канадада, 5,8% — Еуропа елдерінде, 5% — Азия мен Океанияда және 4,5% — Ресей Федерациясында оқиды», — делінген министрліктің «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жіберілген ресми жауабында.

Министрліктің хабарлауынша, «Болашақ» стипендиаттары оқу орнын білім және ғылым министрі бұйрығымен бекітілген ЖОО тізімдері арасынан таңдайды. 2018 жылға арналған тізімде халықаралық рейтинг агенттіктерінің (Times Higher Education, Academic Ranking of World Universities және QS World Universities Rankings) мәліметтеріне сәйкес жалпы көрсеткіштер бойынша ТОП-70 университет, мамандықтар бойынша ТОП-20 университет таңдап алынған.

БҒМ келтірген мәліметтерге сәйкес, 25 жылда «Болашақ» халықаралық стипендиясы 12 974 үміткерге берілген. Қазіргі уақытта 1 243 стипендиат білім алуда, олардың 13-і — бакалавр, 1053 — магистратура, 122 — докторантура бойынша. Біреуі аспирантурада оқып жатыр, сондай-ақ 54 адам тағылымдамадан өтуде.

Одан бөлек, қазақстандықтарға Германия, Франция, Испания, Италия, Польша, Венгрия, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Чехия, Литва, Латвия, РФ және өзге де елдердің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 20 мыңға жуық грант ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.