Денис Тен өлімі: Күдіктілер кімді өлтіргенін әлеуметтік желіден білген

0 3

Күдіктілер олимпиада чемпионы Денис Тенді өлтіріп алғанын әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұл ақпаратты қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

«Күдікті Арман Құдайбергенов Дениске екі жерінен пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған. Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Бұрын екеуі де ұрлық қылғаны үшін сотты болған»,- деді қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Полиция басшысы қала тұрғындарына белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті — 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.

Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.