Қырғызстан мен Қазақстанның СІМ басшылары шекарадағы мәселелерді талқылады

0 0

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев пен Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Абдылдаев пен Әбдірахмановтың екіжақты кездесуі 2018 жылдың 20-22 шілдесі аралығында Ыссық-Көлде өтіп жатқан Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі шеңберінде өтті.

Екі елдің СІМ басшылары қырғыз-қазақ ықпалдастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде көлік және коммуникация, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарды талқылады. Сондай-ақ  алдағы уақыттағы жоғарғы деңгейдегі сапарлардың күнтізбелік жоспары сөз болды.

Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Қазақстанның шекараларындағы өткізу бекеттерінің жұмысына, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.