Таразда қойма тонаған қылмыстық топ құрықталды

0 7

Күдіктілер кәсіпкердің қоймасына түсумен тұрақты түрде айналысып келген , — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Тіркелген екі оқиғаның алғашқысы 18 — маусым күні түнде болса, екінші оқиға бір ай өткеннен кейін дәл сол жерде, яғни Тараз қаласы Адамбаев көшесі, 23 мекен – жайында орналасқан жергілікті кәсіпкердің қоймасында орын алған.

Орын алған екі оқиға кезінде де 63 жастағы М. есімді күзетшіні ұрып – соғып, күзет үйіне қамап кеткен.

Алғашында қылмыскерлер Б. есімді кәсіпкердің қоймасын бұзып, қолма-қол ақшасын және 100 мың теңгеден астам тұтыну тауарларын алып кеткен. Ал, 17-18 шілде күні шамамен түнгі сағат 3 пен 5 аралығында қылмыскерлер 57 жастағы кәсіпкердің қоймасындағы қымбат тауарларды қолды қылыпты. Күзетші ешқандай қарсылық көрсете алмапты,өйткені олардың біреуі күзетшіні пышақпен қорқытса, қалған екеуі қойманың құлпын бұзған. Кәсіпкердің айтуынша, жалпы келтірілген залал 3,7 млн. теңге. Оның басым бөлігі түрлі брендті темекі және ұялы телефон бірліктерінің карточкасы болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған екі күдікті ұсталды. Қазіргі таңда, күдіктілер Тараз ІІБ-нің тергеу изоляторына тоғытылды, ал үшінші күдікті іздестірілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.