Жамбылдықтар Астана күндерінде не тамашалай алады?

0 0

Еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне ауқымды жоба аясында Жамбыл облысында Астананың күндері өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

25-26 шілде күндері облыс тұрғындары мен қонақтары қызықты мәдени бағдарламаларды тамашалайды, оның ішінде көрмелер, концерттер, спектакльдер де бар. Барлық шараларға кіру тегін.

25 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн» концерт залының сахнасында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді.

26 шілдеде сағат 19.00-де «Баласағұн»концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары өз өнерлерін ортаға салады.

25 шілдеде сағат 19.00-де тараздықтар К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын көреді.

26 шілдеде сағат 19.00-де елордалық актерлер Алехандро Касонның «Дикарь. Третье слово» мелодрамасын тамашалауға шақырады.

25-26 шілдеде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін бүкіл мемлекеттік аралап шығатын «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.