Денис Тен өлімі: Оқиғаны көзімен көргендер табылды

0 1

Алматы полициясы Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісінің барысын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық ІІД хабарлауынша, аталған оқиғаны көзімен көрген адамдар да табылды. Олар Денис Тенге қол салған күдіктілер екенін айтты.

«Бетпе-бет кездесу барысында Қиясов Нұралы Денис Тенге пышақ салғанын мойындады. Сонымен қатар, оқиға куәгерлері де табылды. Олар күдіктілермен кездесу барысында осы адамдардың Денисті өлтіргенін айтты. Тергеу барысында ҚР ҚК процестік талаптарына сәйкес олардың құқықтары түсіндірілді», — деді баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.