Байзақ ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

0 0

Байзақ ауданында көріктендіру мен абаттандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды. 

Оған дәлел «Бүкіл Қазақстандық тал отырғызу» акциясы аясында 3618 дана тал-теректер, сондай-ақ, «Бір сәби-бір ағаш» акциясында жаңадан туылған 592 сәбиге арналып көшеттерінің отырғызылуы.

Сонымен қатар, «Байзақ ауданының 80 жылдығына арналған» аллеясының ішіне 509 дана арша, 230 түп терек егілді.

Қазіргі таңда Орынқұлов көшесінде құны 8 млн болатын дыбысты бәсеңдеткіш экран орнату және 15 млн теңгеге аллея салу жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.