Денис Тен қаза тапқан жерде еске алу нысаны тұрғызылады

0 3

Денис Тен қаза тапқан орынға алматылықтар әлі гүл апарып жатыр. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы, халық сүйіктісі және жай ғана жарқын адам 19 шілде қайтыс болды. Белгісіз біреулер Денис Тенді күндіз Алматының қақ ортасында өлтіріп кетті. Қайғылы оқиғадан кейін алматылықтар Денис Тен қаза тапқан орынға гүл, жұмсақ ойыншықтар әкеліп, суретінің алдында шам жаға бастады. Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысына әлі де адамдар келіп, суреттерге қарап көз жасын тыя алмайды.

«Мен Денисті 2016 жылдан бері білемін. Оның жетістігін әрдайым бақылап отыратынмын, ол маған жақын болған, мәнерлеп сырғанауды қатты жақсы көремін. Оқиға болған кезде бұл мен үшін сондай қайғы еді, жақынымды жоғалтқандай болдым. Білесіз бе, мен мұнда жиі келіп, суреттерге қарап тұрамын. Қандай баланы жоғалттық, бүкіл Қазақстан жоғалтты…», —  дейді көзі жасаурап  Галина Абдрахимова.

Алмалы ауданының әкімдігінде мәнерлеп сырғанаушыға арнап қайтыс болған жерге ескерткіш немесе мемориал салу мәселесі қаралып жатыр.

«Қазір нақты айту қиын. Бірақ онда Денис Тенге арналып қандай да бір еске алу нысаны болады. Бұл мәселені әкімдік Денистің отбасымен шешеді», — деді аудан әкімі Жасұлан Естенов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.