Қазақстанда балаларды іш шаншуынан құтқаратын құрылғы ойлап табылды

0 0

Қазақстанда балаларды іш шаншуынан құтқаратын құрылғы ойлап табылды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бала ішінің ауырғанын қойдырту үшін енді бірнеше мәрте дәрігерге жүгіріп барудың қажеті жоқ. Қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдар арнайы сәбилер үшін іш ауырғанды қойдыртатын, Sabi деп аталатын  белбеу ойлап тапты.

Людмила, ең алдымен осындай белбеу шығару туралы ойдың қайдан келгеніне тоқталсаңыз. Бізге сіздің жобаңыздың Назарбаев университетінің ұйымдастырумен өткен ABC Incubation атты сайыста жеңіске жеткені белгілі.  Мемлекет жобаның дамуына көмек көрсетті ме?

Кішкентай бүлдіршіндерге арналған белбеуді шығару туралы ойды біздің тобымызда жұмыс істейтін неонатолог дәрігері тастады. Сәбилердің  бірнеше ай бойы іші кеуіп, қатты ауыратыны белгілі. Әлі күнге дейін балалардың іш қатуын емдеу жөнінде нақты нұсқаулық жоқ. Ал неонатологтар болса, қолынан келгенше оларды  емдеп, іш кебу мәселесімен күніге күресуге мәжбүр. Сондай-ақ менде өзімнің кішкентай немере сіңлімнің іші бірнеше ай қатарынан кеуіп, ол қатты қиналған еді. Іші ауырған сайын педиаторды шақырып, маманның көмегіне жүгінетінбіз. Бірақ бірде бір емдеу әдісі көмектеспейтін.  Сондықтан біз қоғамға сәби іші қатып қалған кезде, оны емдейтін құрылғы қажет екенін түсіндік. Сонымен қатар, емханалардағы дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін тобымызбен балаларға арналған іш кебуге қарсы белбеу шығару туралы шешім қабылдадық.

Сөйтіп, біз Назарбаев университетінде ABC Incubation деп аталатын  бизнес-инкубатор бағдарламасы өтіп жатқанын біліп, осы жылдың ақпан айында оған қатысу үшін өтініш білдірдік. Сосын комиссия мүшелеріне жобамыздың қоғамға қажет екенін бірнеше рет дәлелдедік. Еңбегіміз жемісін берді. Наурыз айының басында көптеген жобаларды басып озып, жеңіске жеттік. Шындығын айту керек, ABC Incubation бағдарламасы арқылы  біз бұрын-сонды білмеген нәрселерімізді үйрендік. Назарбаев университетінің шақыруымен шетелден келген жетекшілер бізге ойымызды біртіндеп жүзеге қалай асыруға болатынын, өнімді нарықта сату жолдарын көрсетті. Сондай-ақ жобаны ары қарай қалай дамытуға болатынын да түсіндірді. Бағдарламадан жеңіп алған 500 мың теңгенің барлығы біздің белбеуіміздің өндірісіне жұмсалды. Ұтып алған гранттың арқасында оның бірнеше прототипін жасап, барлық кемшіліктерін түзедік. Осылай төрт айдың ішінде белебеуіміз алты рет түзетуден өтті.

Белбеулеріңіз бірнеше мәрте түзетуден өткен екен. Жалпы оны дайындау барысында тағы да қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Атап айтатындай қиындықтар жоқ. Біздің тобымызда қазір өте сауатты жеті адамнан тұрады. Барлығының армандары мен мақсаттары бір. Сондықтан біз қандай қиындықтар болмасын, үнемі алдыға жылжитын топпыз деп айтқым келеді. Өніміміз тезірек Қазақстанның нарығына шықса екен дейміз.

Жалпы, Sabi белбеуін жасауға қанша адам ат салысты?

Қазір біздің тобымызда жеті адам бар. Менен бөлек,  жобалау менеджері, девелопер, сату жөніндегі менеджер, неонатолог, физиология және физиотерапия маманы, дизайнер белбеумен  жұмыс істейді. Басында біз стартаперлердің сайысына қатысқанда төртеу болатынбыз. Қазір көбейдік. Алдыға қойған мақсаттарымыздың барлығына жетіп, өніміміз нарыққа шығуы үшін тобымыздың құзыреті жақсы болуы тиіс деп санайымын.

Іш кебуге қарсы балаларға арналған белбеу қалай жұмыс істейді? Оның басқа белбеулерден ерекшелігі неде?

Біз Европада орналасқан мемлекеттердің, Ресейдің, Американың нарығын тексеріп көрдік. Қазақстан түгілі жалпы әлемде массажды механизмде жұмыс істейтін балаларға арналған белбеу жоқ.  Жобамыздың басты ерекшелігі осында. Sabi белбеуін қолдану оп-оңай. Жас ана баласына белбеуді кіндік тұсына кигізгенде, құрылғы сағат тілімен массаж жаттығуларын жасап, сәбидің ішін жылытады.Іштің ауырғанын қойдыртады. Сонымен қатар, баланың анасы белбеудегі функциялар арқылы физикалық жаттығулардың жылдамдығын өзгерте алады. Қазіргі уақытта белбеудегі таймер жүйесін тексерістен өткізіп жатырмыз. Жүргізген зертеуіміз бойынша, белбеу 15 минуттың ішінде баланың ішін емдеп жазады.

Белбеуді жасайтын материалдар қай елден әкелінеді? Әлде өзіміздің отандық өнмідерімізді пайдаланасыздар ма?

Белбеудің ең алғашқы прототипін сапасы жақсы, бірақ бағасы қымбат итальяндық материалдан дайындаған болатынбыз. Дегенмен қазір отандық өнімді пайдалануды жөн көріп отырмыз. Белбеу табиғи, баланың аллергиясын тудырмайтын заттардан жасалады.

Шамамен белбеулерді қанша уақыттан соң және қай жерден сатып ала алатынымызды айта аласыз ба? Өнім еліміздің барлық қалаларында сатылатын болады ма?

Екі айдан соң өнімді жаппай өндірсек деп жоспарлап отырмыз. Ол еліміздің барлық қалаларында орналасқан ірі дүкендерінде және аптекаларында сатыдатын болады. Сондай-ақ қала сыртында тұратын аналар өнімді маркетплейс сынды онлайн дүкендерден ала алады

Белбеу қанша теңге тұратын болады?

Біз өнімді қымбат емес, қолжетімді бағаға сатсақ дейміз. Шығындарымызды жабсын деп оның  құнын көтергіміз келмейді. Әзірге нақты бағасын айта алмаймыз.

Сіз осындай белбеу Қазақстан түгілі бүкіл әлемде жоқ дедіңіз. Болашақта әлемдік нарыққа шығу жоспарда бар ма?

Әрине, Қазақстанның нарығына шыққан соң, шетелдіктерге де жобамызды көрсету жоспарымзда бар. Болашақта Ресейде де белбеуді сатсақ дейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.