Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 117 жоба іске асырылуда

0 9

Облыста Елбасы Жолдауын түсіндіру, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәслихат депутаттары алдындағы берген есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Бағдарламалық мақала аясында 5 млрд. теңгеге 117 жоба, 68 түрлі форматтағы іс-шара іске асырылуда.

Жамбылдықтардың билік органдарымен байланысын нығайту «Қоғамдық бақылау» сайты ашылды. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық орталық» қызметін ұйымдастыру жоспарлануда.

— Облыста бағдарламалық мақаладан туындайтын «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары мен «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім» арнайы жобалары сәтті іске асырылып жатқандығын атап өтті. «Бағдарлама аясында өңірлік жобалық кеңсе құрылып, сарапшылар кеңесі өз жұмысына кірісті. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларына арналған интерактивті алаңдар ашылды. Өңірден шыққан 80-ге жуық кәсіпкер-меценаттардың есебінен жалпы құны 817 миллион теңге болатын 23 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Биыл жалпы құны 1,5 миллиард теңге болатын 29 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілетін болады»,  — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақта Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қала ретіндегі Тараз шаһарының бай тарихын туризм кластерін дамытуда кәдеге жарату жоспары түзілген. Нәти­же­сінде «Қазақстанның сакралды география­сы» арнайы жобасының қасиетті 100 нысан тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени орны енгізілді. Жамбыл облысынан Қазақстанның жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындарының картасына ұсынылған 27 ескерткіш Мәдениет және спорт министрлігінің және «Қасиетті Қазақстан» ғыл­ы­ми-зерттеу орталығының қолдауымен шыққан «Қазақ­станның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптарына енген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың алты айында облысымызда атқарылған жұмыстар көлемі ауқымды. Оған жыл басынан бері қолға алынған баянды бастамалар, жаңа форматтағы жиналыстар, облыс бюджетін оңтайландыру шаралары және барлық бағыт бойынша бекітілген индикаторлық көрсеткіштер айғақ бола алады. Нақты қойылған талап пен жүктелген жауапкершіліктер өңірдегі барлық салаға серпін сыйлағаны сөзсіз. Соның нәтижесінде облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму бір ізге түсе бастаса, өзге де бағыттағы өркенді істерге көз куә. Оның бір дәлелі ретінде облыс орталығындағы қала ажарын ашуға негізделген қарқынды шараларды айтсақ та жеткілікті.

Жоғарыда айтып өткендей, жұмыстың жемістілігін еселеу мақсатында жыл басында облыс пен аудандар әкімдері, басқармалар мен аудан әкімдіктері арасында келісімді индикаторлық көрсеткіштер бекітілген болатан. Сол бойынша облыс басшысы Асқар Мырзахметов екі аптада он ауданды аралап, міндетті межелердің орындалу барысын барлады. Сондай-ақ аудандардың ахуалын арттырып, шаруасын шалқытуға кедергі болып отырған мәселелерді талқылап, кемшілікке кеңшілік болмайтынын ескертіп, жауапты тұлғаларға жұмысты жандандыруды тапсырды. Аймақтардың әлеуетіне қарай өнімділікті өсіру міндеттелді. Жарты жылдықтың қорытындысы қаралған мұндай жиын облыс орталығы – Тараз қаласында да өтіп, түйінделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.