Елімізде дизель отыны қымбаттады

0 0

Елімізде дизель отыны қымбаттады,-деп хабарлайды ZhambylNews AA КТК арнасына  сілтеме жасап.

Жыл сайын көтерілетін дизельдік отын құны биыл да әдетінен жаңылмапты.

Жанармай бағасының шарықтап шыға келуі шаруалардың шашын ағартқан. Бүкіл техникасын сайлап, күзгі жиын-терімге дайындалып отырған шаруа қожалықтары осы күні дизельдік отынды қайдан табарын білмей дағдарып отыр. Өйткені, қазіргі бағаны қалта көтермейді.

Бірақ, баяғы әдет бойынша дәл жиын-терімнің алдында жағармай бағасы қымбаттап кеткен. Сондықтан, мына алтын дән алқабын түгел жиып алу үшін шаруаларға амалсыз шығынға жұмыс істеуге тура келеді. Шенеуніктердің шаруаларға ұсынып отырған арзан бағасы тоқтаусыз өсіп келеді. Наурыз айынан бері 25 теңгеге қымбаттаған. Сөйтіп алып, нанның бағасын өсірмеңдер, макарон қымбаттамайтын болсын деген талаптар қояды екен. Бұған төзбеген шаруалар шағымды бұрқырата бастапты.

Фермерлердің ендігі үміті Елбасыда. Жыл сайын 300-400 адам жиналып жиын өткізетін дәстүрі бар екен. Ал биыл 4 мыңға тарта делегат Астанада бас қосып, Президенттің атына үндеу жолдамақшы. Одан басқа жол тыңдар құлақ қалмады дейді олар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.