Қазақстандық екі спортшының қанынан допинг табылды

0 1

Қазақстандық Сабина Әшірбаева мен Владимир Седовтың қанына допинг табылды. Сабина Әшірбаева енді екі жыл бойы Қазақстан намысын қорғай алмайды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сабинаның қанынан фуросемид, гидрохлортиазид, хлортиазид қоспалары табылған. Бұл 2017 жылдың сәуір айынан бергі жүргізілген төрт сынама қорытындысы. 2014 жылғы  2015, 2016 жылғы Азия чемпионы үшін мұндай шешім ауыр соққы болды.

Владимир Седовты 2008 жылғы Олимпиада кезінде айыптаған еді. 2016 жылы қайта тексеріп, ағзасында тыйым салынған станазалол дәрісі бар деп шешті.

Седов – 2009 жылғы әлем чемпионы. Әлемдік жарыстарда күміс, қола жүлделер еншіледі.

Седов бұған дейін де допинг дауына ілігіп, 2006-2008 жылдары спорттан шеттетілген еді.

Бұл жолы халықаралық олимпиада комитетінің шешімі қатаң болды. Седовты 8 жылға, 2024 жылға дейін дисквалификациялады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.