Таразда 4 жыл бұрын жоғалып кеткен азамат іздестірілуде

0 10

Тараз қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі 1972 жылы туған азаматты іздеп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Валентин Серяков есімді азамат 2014 жылы 29 шілде күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда кеткені белгісіз.

Сырт келбеті орташа денелі, бойы 170-175 см. Шашы мен көзі ашық түсті. Үйден шыққан кезде үстінде алқызыл түсті футболкасы болған.

Осы орайда, көрген-білген жандар болса мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұранамыз: Тараз қ. Ішкі істер департаменті, Рысбек-батыр көшесі, №5 «а». Тел. факс 8 (7262) 34-27-10 (OKP), 34-36-35 (HF). 99-75-31 (тергеу бөлімі). 8-771-231-70-00

Leave A Reply

Your email address will not be published.