Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау мекемелері интернетпен толық қамтылады

0 0

Жамбыл облысында 406 денсаулық сақтау мекемесі бар, олардың 86 проценті интернетпен қамтылған. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл көрсеткішті толықтыру үшін облыстық бюджеттен 152 миллион теңге бөлініп, тиісті құрал-жабдықтар алынып жатыр. Қазір номері 5-қалалық емханаға 26 компьютер сатып алынды. Енді мекеме толығымен компьютермен жабдықталып, электронды сандық жүйеде жұмыс істеуге көшкен. Мұндағы 106 білікті дәрігер 62 мың адамға қызмет көрсетеді. Ақ халаттыларды үйге шақырту, қабылдауына жазылу, науқастың сараптама қорытындыларын зертханаға жолдау электронды түрде іске асырылады. Бұның ұтымды тұсы — дәрігерлер қағазбастылықтан арылып әрі жұмыстары жүйеленіп, жеделдей түседі.

Рахат Аймырзаев, дәрігерлік кеңестің комиссия төрағасы:

— Науқастың толық мәліметтерінің бәрі электронды түрде компьютерге кіргізіліп, сонымен қатар бұның тиімділігі яғни лабораторлық-инструменталды тексеру жүргізу кезінде және де басқа да мамандарға жолдану кезінде барлығы цифрлы штрих код арқылы келесі маманға жолдану арқылы жылдам түрде жүргізіліп отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.