Қазақстанда оқушыларға жаңа ас мәзірі бекітілді: Асханаларда қандай тағам түрлері беріледі

0 8

Қазақстандық оқушылар үшін төрт аптаға есептелген ас мәзірі жасалды. Жаңа мәзір сарапшылардың кеңесімен дайындалған. Онда әр күнге арналған түрлі тағамдар және витаминдер мен минералдардың барлық қажетті түрлері болуы керек, — деп жазады «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда алғаш рет оқушыларға арналған дұрыс тамақтанудың бірыңғай стандарты әзірленді. Төрт апталық мәзірді Қазақ тағамтану академиясы «Салауатты тамақтану ұлттық орталығымен» бірлесіп жасады», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында.

Оның айтуынша, жаңа стандарттар балалардың денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың тамақтануына арналған бірыңғай талаптарды белгілеуге арналған.

Қазақстанда мақұлданған тамақтану рационы, яғни төрт апталық мәзір жас ерекшелігі бойынша үш топқа бөлінеді: 7-10 жасқа дейінгі балаларға – 840 ккал, 11-14 жастағыларға – 951 ккал және 15-18 жастағы оқушыларға – 1020 ккал.

Сонымен қатар, мәзірді әзірлеушілер балалардың мектепте қанша уақыт жүретін және олардың жасына сай қандай витаминдер мен минералдарды қажет ететінін ескерді.

Молдағасымованың айтуынша, мәзір әр мезгілге арналып жасалынған. Демек, балаларға арналған жаңа мәзірде әр мезгілде түрлі тағамдар беріледі.

«Бірыңғай стандартты мәзірден қуырылған тағамдар, өткір дәмдеуіштер – қыша, сірке суы, жүгері және бұрыштың барлық түрлері толығымен алынып тасталды», – деп атап өтті бөлім басшысы.

Сонымен, тамақтану рационында оқушыларға аптасына екі рет – бал, сүт, үш рет – ірімшік пен салат беру қарастырылған. Сондай-ақ, әр бейсенбі сайын «балықтан әзірлеген  тағам» беріледі. Күн сайын әр түрлі сорпа және екінші тағамға күніне сиыр мен тауық етінен жасалған тамақ ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.