Таразда 9 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жариялаған болатын. Осы мақсатта «Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау жөніндегі республикалық кеңес мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов пен Жамбыл Ахметбеков Жамбыл облысына арнайы келді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Бүгінгі таңда әрбір тұрғынның баспаналы болуына жол ашатын «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының маңызы ерекше. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Жамбыл өңірінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда, депутаттар Тараз қаласындағы №15 мөлтек ауданының жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйлерінің құрылысымен танысты. Мұндағы 10 үйдегі 800 пәтер жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Бүгінде Тараз қаласы бойынша 15,3 мың адам баспана кезегінде тұрған болса, Елбасы бастамасы аясында аталған бағдарламамен 9 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.