Адам денесінен жаңа ағза табылды

0 0

Сиднейдегі Гарван медициналық зерттеулер институтының ғалымдары адам денесінен жаңа микроағзаны тапты, ол инфекцияны екінші мәрте жұқтырып алмауға көмектеседі. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 365info.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лимфалық түйіндердің астында орналасқан «ағза» субтүтікшелік пролиферативтік ошақ деп аталды. Бастапқыда ол зертханалық тышқандардан, кейін адамдардан табылған. Австралиялық ғалымдардың мәлімдеуінше, бұл ағза қандай да бір инфекцияны бір рет жұқтырса, келесі жолы оны жақсы қорғайды. Бұл қасиет «иммунитет жады» деп аталады, оған жадтың В-жасушаларын жинақтау тән.

Бұл туралы ғалымдар бұған дейін де айтқан, бірақ оның дәл қай жерде орналасқаны тұңғыш рет анықталып отыр. Ғылыми зерттеумен айналысып жатқан институт қызметкерлерінің пайымдауынша, бұл өте маңызды жаңалық. Ағзаға инфекция түскенде ауру тудырғыш бактериялардың саны әр 20-30 минутта екі еселенеді. Егер адамның иммундық жүйесі инфекциямен күресуге «құралдарды» тым ұзақ жинақтайтын болса, ағза инфекцияға төтеп беріп үлгермей, өліп қалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.