Жамбыл облысының барлық мектептеріне оқулықтар 100% жеткізілді

0 0

Жаңа оқу жылында Жамбыл облысының барлық мектептеріне оқулықтар 100% жеткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мектеп оқушылары «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаға сәйкес 3,6,8-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне, «Өлкетану» оқулығына, 1,2 сынып оқушыларына арналған дәптерлеріне тапсырыс берілген.

Бүгінгі таңда білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес мектеп оқушыларының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 2 млрд. 493 млн. 781 мың теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, жаңа оқу жылында 447 мектеп жұмыс істейді. Оларға 215 мыңнан аса оқушы келуі жоспарлануда, оның ішінде 1-ші сыныпқа 26255 оқушы келеді.

Биыл 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын (149 мектеп, 59 балабақша, 13 мектептен тыс мекеме) ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн. теңге бөлінді.

Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі — мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру. Облыстағы 447 мектептің 400-де (89,5%-да) асханалары бар, қалған 47 мектептің 19-да буфет, 28 мектепте асхана да буфетте жоқ (2 НМ, 26 БМ). 117-сі (26,2%) қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Асханасы бар мектептердегі оқушыларды бір мезгіл ақылы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалынған. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылар (28307) 100% бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» атты акциясы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өткізілуде. Акция барысында жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жергілікті бюджет және демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп, қажетті киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.