Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

0 1

Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстанның жазғы біріншілігі өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, «Бурабай» кешенінде өткен додада спортшылар төрт бағдарлама бойынша бақ сынады. 2 қыркүйек күні кросс бәсекесі басталса, кейін шаңғы роллерінен жекелей спринт, классикалық әдістегі жекелей сын және еркін әдіспен із кесу жарысы өтті.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 11 облысынан 120 спортшы, Ресейден 3 атлет қатысты.

«Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен шаңғы роллерінен алғаш рет ел біріншілігін өткіздік. Бұл біздің шаңғышылардың әлемдік рейтингтегі өз нәтижелерін жақсартуға көмектесті. Сондай-ақ, әлем чемпионы әрі Олимпиаданың қола жүлдегері, ресейлік  Алексей Петуховтың жарысқа қатысуы отандық спортшылардың тәжірибесін арттыруға септігін тигізгені анық», — деді шаңғы спортынан Қазақстан командасының спорттық менеджері Александр Батяйкин.

Сонымен қатар, чемпионат барысында төрешілер семинары, кәсіби спортшылардың ашық сабағы және РФ еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Каминскийдің бапкерлерге арналған жиыны ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.