Таразда алғаш рет жас нәрестелерге туа біткен жүрек ақауларының күрделі операциясы жасалды

0 2

Таразда 4 келіден жоғары салмақтағы 4 балаға атриовентрикулярлық каналының толық формасы мен фалло тетрада туа біткен жүрек ақауларының күрделі түріне радикалды операциялар жасалды. Жас нәрестелерге арналған мұндай ота түрі облыста алғаш рет жасалуда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Осыған орай, Сейтхан Жошыбаев басқаратын Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мамандарының қатысуымен туа біткен жүрек ақауы хирургиясы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.

Туғаннан пайда болған жүрек кемістігі іште жатқан кезде жүректің жаратылу эмбригонезінің бұзылуынан, туған уақытына дейін бір қалыпқа келіп үлгермеуінің әсерінен болады. Барлық жүрек ауруларының ішінде бұл аурулар 1-2% шамасында. Барлық туған балалардың 0,3-0,4% жүректің және магистралды қан тамырларының кемістігімен туады. Қазақстанда тірі туған әрбір 1000 баланың 7-10-ында туа біткен жүрек ақауы кездеседі. Ал Жамбыл облысында жылына шамамен 24 000 – 29 000 бала туылса, олардың 240 – 270-сі осындай дертпен дүниеге келеді. Оған экологиялық факторлар, ана денсаулығы, дәрі-дәрмектерді көп қолдану, дәрігердің нұсқауынсыз өзін-өзі емдеу сынды түрлі себептер әсер етеді. Егер бұл ақау баланың атасында немесе әжесінде кездессе, оның балаға берілу мүмкіндігі көбейе түседі.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының, балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбунов:

«- Біз Тараз қаласына Сейтхан Жошыбаевтың шақыртуымен келдік. Менің қасымда 4 әріптесім бар, 2 күнге жалғасатын шеберлік сыныбында біз тетрада Фалло сияқты күрделі құрамдастырылған туа бітті жүрек ақауы бар салмағы аз 1 жасқа дейінгі сәбилерге ота жасап, жергілікті әріптестерімізге өзіміздің операция жасаудағы әдіс-тәсілдерімізді көрсетіп, пікір алмасатын боламыз. Сонымен қатар күрделі кардиохирургиялық көмекті қажет ететін кішкентай науқастарға тиісті ақыл-кеңестер беретін боламыз. Қажет болған жағдайда Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығына шақырып, сол жерде қосымша тексерулерден өткізіп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде операция жасаймыз»,- дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.