Головкин-Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

0 0

Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті отандық екі арнадан көре алады. Golden Boy промоутерлік компаниясы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің нақты уақытына қатысты мәліметті бөлісті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

ESPN Deportes басылымының хабарлауынша, тікелей эфир арқылы көрсетілмейтін андеркард жекпе-жегі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге жоспарланған. (Бұл Астана уақыты бойынша 15-нен 16-сына қараған түн, сағат 03:00). Ал PPV-кард сағат 17:00-де басталады. (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйек, сағат 06:00).

Головкин мен Альварес рингке сағат 19:00 мен 19:30 арасында шығады. Осылайша қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті 16 қыркүйек күні сағат 08:00 мен 08:30 арасында тамашалай алады.

Қазақстанда тікелей эфир «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары арқылы көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.