Instagram желісі жаңа жүйені іске қоспақ

0 1

Instagram желісіндегі видеода енді достарды белгілеуге болады. Әзірге бұл опцияны аздаған адамдар ғана қолдана алады және ол тек ұялы қосымшаларда жұмыс істейді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Әдетте достарымызды суреттің бетін басу арқылы белгілесек, бұл жолы аздап өзгеше. Адамдардың есімі оң жақ бұрышта пайда болып, видеодағы достарды сол жерден таңдайтын боламыз. Бұдан кейін видеода белгіленген достарымыздың тізімі бөлек бетте жарияланып тұрады.

Басылымның хабарлауынша, бұл опцияны әзірге белгілі бір адамдар ғана қолдана алады. Ал барлығы үшін жуырда қолжетімді болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.