Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты

0
146

Құрт адам ағзасынан шығарылғаннан кейін де тіршілік етуін жалғастырып, шыны түтікте жүзген. Қытайдың Наньчан қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы эпилепсия талмасынан зардап шеккен. Дәрігерлер оның себебін таба алмаған. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

26 жастағы ер адам Цзянсу провинциясындағы орталық ауруханаға жіберілді. Талдау қорытындысы бойынша жігіттің ағзасында Spirometra mansoni құрты өмір сүретіні белгілі болды, – деп хабарлады South China Morning Post.

Дәрігерлер құрт науқастың миында екенін анықтады. Паразитті ота арқылы шығаруға шешім қабылданды. Хирургтер адамның басынан құртты шығарғаннан кейін паразит өмір сүруін жалғастырып, шыны түтікте жүзген.

Дәрігерлердің болжауынша, жігіттің қанында шала қуырылған етті жегеннен кейін құрттың жұмыртқасы пайда болған. Айтпақшы, бұл оның сүйіп жейтін асы екен. Осылайша, жұмыртқа немесе дернәсіл ішек қабырғасы арқылы қан ағымына еніп, алдымен бауырға түседі, содан кейін барлық ағзаға таралған.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here