Саяжайлардағы қордаланған мәселелер шешімін табады

0 0

Тараз қаласындағы Құмшағал мен Шөлдала шағын аудандардағы саяжай-алқаптарында қордаланған мәселелер шешімін табатын күн де алыс емес. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған жерлер қаланың әкімшілік аумағына енгеніне бес жылдан асса да, әлі күнге дейін мұнда ауыз су, жарық, көгілдір отынмен қамту, жол және кәріз жүйелерін жүргізу сынды түйткілдер көп-ақ. Тіпті, қоғамдық көліктің қатынауы мұң. Жергілікті тұрғындар талай табалдырықты тоздырғанымен, еш нәтиже шықпаған еді. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен келелі кеңес өтіп, қала билігіне нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалиев жиында аталған шағын аудандардағы қоғамдық-әлеуметтік аxуалдың ауыз толтырып айтарлықтай емес екендігін жеткізді. Қазіргі таңда қос алқаптағы xалық саны 14 мыңға жуық. Нақтылай айтсақ, Құмшағал шағын ауданына қарасты 13 саяжай-алқабында 1423 аула болса, онда 4298 адам тұрады. Ал, Шөлдала шағын ауданындағы 16 саяжай-алқапта 2887 аула, 9300 адам тұрады.

Өңір басшысы Асқар Мырзаxметовтың тапсырмасымен өткен айда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына байланысты конкурс жарияланған болатын. Оның қорытындысы қараша айында белгілі болмақ. Ол бойынша шағын аудандардың аталған мәселелері шешімін таппақ.

Жиын барысында облыс әкімі аталмыш екі алқаптың түйінді түйіткілдеріне назар аударып, конкурстың нәтижесін күтіп отырмай, өзге де жұмыстарды уақыт оздырмай бастау керектігін ескертті. Ол үшін жүйелі жоспар жасауға тиісті тұлғаларға бір жеті уақыт берді.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.