Еліміз 2019 жылы медициналық электрондық қызмет көрсету форматына толықтай көшеді

0 0

Еліміз 2019 жылы медициналық электрондық қызмет көрсету форматына толықтай көшеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сонымен қатар, аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланады.

Вице-министр медициналық ақпараттық жүйелерді «Қала, аудан орталығы» деңгейінде қамту 96,7 құрағанын атап өтті. Ал осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Олжас Әбішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology — жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оның сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердің қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген.

Дәргерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 90 пайызы пилоттық тестілеудің тиімділігін көрсеткен.

Сондай-ақ, вице-министр электрондық денсаулық паспортының тиімділігінде айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамның дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни хронологиялық ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудың барлық қағидасын білуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.