Мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізіледі

0 16

Мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен бифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Пилоттық жоба ретінде Агентттік, Әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облысы бойынша әкімдіктер анықталған.

Бүгінде қызметкердің жалақысы тек қана екі параметр бойынша — қызмет ету ұзақтығы және оның атқаратын лауазымы санатына байланысты. Сонымен бірге, атқарылған жұмыстың күрделілігі мен қызметкердің тиімділігі ескерілмейді. Бұл ретте бонустар, жәрдемақы, ынталандыру төлемдері бірдей мөлшерде төленеді.

Бұл жүйе 14 жыл бұрын енгізілген және осы уақыт ішінде тұжырымдамалық өзгерістерге ұшырамаған. Нәтижесінде орталық пен облыстың мемлекеттік қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне сыйақы төлеуде сәйкессіздік орын алды. Жаңа сыйақы жүйесі аталған мәселелерді шешеді. Ол Факторлы балды шкала негізінде ауқымды масштабтағы және айнымалы бөліктерге негізделген тұрақты бөліктен тұрады.

Қазақстанда аталған әдісті 174-тен аса жеке кәсіпорындар мен квазисекторлар қолданады.

Сондай-ақ, Әлемдегі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарында оның ішінде АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия және Әлемдік банкте, Азиялық банкте жүйеге енгізілген. Бұл әр лауазымға ұпайларды негізгі үш факторға қатысты тағайындауға мүмкіндік береді:

1) Еңбек міндеттерін тиімді іске асыру үшін білімнің, біліктілік пен жұмыс тәжірибесінің қандай деңгейі қажеттігі

2) лауазымға жүктелген міндеттердің күрделілігінің дәрежесі

3) нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершіліктің дәрежесі

Факторлардың әрқайсысы үшін балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа жалақы желісінде ұстанымның позициясын анықтайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге факторлық балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Оған:

— бағынысты ұйымдарды оңтайландыру (ГУ, АО, ЖШС, ГП);

— Мемлекеттік қызметшілерді бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру есебінен қысқарту;

— министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде қолдау қызметтерін орталықтандыру, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлердің стандарттарын қайта қарау қарастырылуда.

Бұл тәсілдер қазір Премьер-Министрдің кеңсесімен келісілді. Оларды қабылдау мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттiк шығыстарды оңтайландыру нәтижесiнде нақтыланған қаражатты ескере отырып, факторлар баллдық шкала бойынша жаңа жүйеге еңбекақы беру кезеңiне өтуге мүмкiндiк бередi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.