Елімізде алдағы күндері ауа райы бұзылады

0 0

Елімізде алдағы күндері ауа райы бұзылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Ал 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Сондай-ақ, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанып отыр. Астанада 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, 22 қыркүйекте бұршақ күтіледі.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша да жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавлда ертең жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.