Алтынды күміспен бірге тағу неге қауіпті?

0 2

Биоэнергетикамен таныс емес адам да күміс пен алтынның бір-біріне сәйкеспейтінін сезіп жатады. Қымбат металдардың емдік қасиеттері біріккен кезде дұрыс жұмыс істемей қалатыны және бар. Бұған алтын мен күмісті атауға болады, бұлар бір-бірін тұмшалайды.

Күміс алтынды бүлдіреді

Алтын — жұмсақ металл. Физикалық қасиеті жағынан күміске кереғар екені белгілі. Күміс пен алтынды  тағудың ең көзге көрінер қаупі — алтынынң тез мүжілуі. Егер мойныңызға екі бірдей күміс не алтын алқа тақсаңыз, күміс мықты болғандықтан, алтынды мүжіп, жұқартып жібереді. Өз әдемілігіне қарай алтын адам денесіне жайлы келетін жұмсақ металл екені белгілі.

Егер сіз әр түрлі металдан жасалған бұйымдарды таққыңыз келсе, олар денеңізде бір-біріне тимеуі тиіс. Бұл жүйке жүйесінің қысымына алып келеді

Алтын бұйымдар динамикалық энергетикалық құрылымға ие, ал күміс бұйымдар қолайлы әрі біркелкі болады. Осындай  кереғарлықтан кейін де металдардың позитивті құрылымы теріс құрылымға айналып кетуі де ғажап емес.

Сіз алтын мен күмісті бірге тақсаңыз, ашуланшақ болып кетуіңіз мүмкін. Мұның қауіптілігі де сонда, мәселен сіз жақын адамдарыңызбен көшеде, жұмыста, көлікте ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Мұндай қосынды адамның өзіне байқалмаса да жүйке жүйесін әлсіретеді.

Сізден адамдарды алшақтатып тұрады

Алтын мен күміс арасындағы кереғарлық айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Жақындарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз сіздің қасыңызда өздерін жайсыз сезінеді. Бұл орын алмас үшін металдарды әрдайым бөліп тағыңыз.

Сіздің әлсіздігіңіз бен кемшіліктеріңіз дәл осы кереғар металдарды таққан кезде анық көріне бастайды. Сіз тіптен қызғаншақ, ренжігіш, екіжүзді болып көрінуіңіз де ғажап емес. Бұл әсіресе сізді бұрыннан танитын адамдарға қатты сезіледі. Жаңа адамдармен де танысу өте қиынға соғатыны анық.

Бұл сізді келеңсіздікке итермелейді

Білетініңіздей, алтын сізде көз тию немесе жаманшылықтың бар екенін анықтап бере алады. Мұның бәрін тек қана күміс емдей алады. Алайда екі металды бірдей тағу бұл қорғаныстың жойылуына әкеп соқтырады.

Мәселен, сіздің қасыңызда энергиясы мықты қансорғыш болса, сіз оның жемтігіне айналуыңыз әбден мүмкін. Бұл сіздің компанияңызда сізге жамандық ойлайтын адамның болуымен де өлшенеді. Сіз теріс энергетикалық толқынмен уланып, бұл сіздің ойыңызда, ісіңізде, арман-мақсатыңызда көрініс табуы ықтимал.

Күміс пен алтынның қосындысы сіздің иммунитетіңізді түсіреді

Алтын мен күмісті бірге тағу аурудың тууына да әсер етуі мүмкін. Егер сіз алтын және күміс әшекейлерді бірге тақсаңыз, ауыру тәуекелі жоғарылай түсетіні белгілі. Күміс иммунитетті көтереді, алайда алтын оны кері жұмыс істеуге итермелейді.

Алтын мен күмісті бірге көктем мен күзде вирусты аурулардың таралымы кезінде тақпауға тырысыңыз. Екі металды бірге тағатын көптеген адамдар әлсіздік пен дімкәстікке шалдыққандығын айтқан болатын. Екі қарама-қарсы энергетикалық күштің қосындысы адам бойындағы физикалық және эмоционалды шыдамдылықтың жоғалуына әкеледі.

Бізді қоршаған энергетиканың маңызын түсіну үшін биоөрістің не екенін ұққан дұрыс. Әр адамда көзге көрінбейтін энергетикалық қабат  бар, ол әлсіреуі немесе күштірек болуы ықтимал. Алтын мен күмістің бірге жүруі дәл осы қорғаныстың өз жұмысын тоқтатуына әсер береді. Сол себепті де екі металдың байланысы өте қауіпті.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.