Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында екі медаль иеленді

0 0

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан Әлем чемпионатында жекелей сындар бойынша белдесулер аяқталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін, жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан 3 дзюдошы өнер көрсетті.

100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз Ерасыл Қажыбаев Чили спортшысы Францизко Солисті иппон ұпайымен ұтып, жарысты сәтті бастады. Алайда, екінші кездесуінде өзбек балуаны Бекмурод Олтибоевтан жеңіліп қалды.

Ал әйелдер арасында (78 келіден жоғары санатта) Гүлжан Исанова бірінші кездесуін пуорториколық Можика Мелиссаға қарсы өткізсе, дәл осы салмақтағы Камила Берліқаш ресейлік Елизаветта Каланинамен белдесті. Өкінішке қарай, бұрымды қос балуанымыз қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бірінші айналымда аяқтады.

Бакудегі Әлем чемпионаты бүгін аяқталады. Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар. «Қоланы» Галбадрах Отгонцэцэг, «күмісті» Ерлан Серікжанов жеңіп алған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.