Тіс ағартудың ең тиімді тәсілі

0 6

Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады.

Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ, тіс сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді.

Тіс ағартудағы бірінші көмекші — ас содасы деген пікір қалыптасқан. Алайда, біз тіс эмалін құртып алмай, сарғаюмен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін:

• Әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен ысыңыз;

• Одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын тамызыңыз;

• Тісіңізді екінші мәрте ысыңыз;

• Аузыңызды жылы сумен шайыңыз.

Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады.

Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттірмей -ақ, Сізді армандаған аппақ тістің иесі етеді. Оған қоса, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайтынына сенімді боласыз.

Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.