Дәрігер кәрі адамдарды жастардың қанымен емдеу жолын тапты

0
100

Қариялар бір процедура үшін 8000 доллар төлейді, дәрігердің кейбір әріптестері мұны барып тұрған алаяқтық деп отыр. Нью-Йоркте Ambrosia Medical емханасын ашу жоспарланып отыр. Мекеме мамандары түрлі аурудың алдын алу үшін егде жастағы адамдарға жастардың қанын құймақ. 

Бір процедура құны – 8000 доллар (шамамен 3 миллион теңгеге жуық). Медицина саласындағы бұл жаңашылдықтың авторы – Стэнфорд университетінің түлегі Джесси Кармазин.

Зерттеу нәтижесінде, ол жасөспірімдер мен жастардың қаны қарт адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтаған. Кармазин негізін қалаған емхана 16-25 жас аралығындағы донорлардан қан жинап, оны 35 пен 92 жас аралығындағы пациенттерге құюды жоспарлап отыр. Ер адамның айтуынша, емнің бұл түрі адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейді, – деп жазады life.ru.

Ambrosia Medical емханасын Нью-Йоркте жыл соңына дейін ашу көзделіп отыр. Емнің қымбат екеніне қарамастан, сауықтыру процедуралары үшін қазір 100-ге жуық адам кезекте тұр екен.

Кармазиннің кейбір әріптестері оның бұл ойына күмәнмен қарайды.

“Емнің пайдалы болатынына ешқандай кепіл жоқ”, — дейді Стэнфорд университетінің неврологы Тони Висс-Корай.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here