Меркі ауданында еңбек жастарының республикалық форумы өтті

0 3

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Меркі ауданы, Меркі ауылындағы «Меркі» шипажайында еңбек жастарының республикалық форумы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпапраттық Агенттігі хабарлайды.

Форум жұмысына Кәсіподақ Федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай және еліміздің әрбір өңірінен келген жастар қатысты. Аталған форум аясында «Заманауи әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанның теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Республикалық жиынды Бақытжан Әбдірайымов ашып, жүргізіп отырды. Әуелі сөз алған Асқар Мырзахметов Елбасы тапсырмасымен Жамбыл өңірінде жастарға тиісті көңіл бөлініп жатқанын, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында көтерме жәрдемақыға 1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын бөлініп отырғанын жеткізді.

-Жастардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы қоғам үшін маңызды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда еңбек мәселесі жастар үшін шешуші рөл атқаруда. Жастар ғылым мен жетістікті ұштастыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Ал ең басты мәселе — елжанды, патриот азаматтарды тәрбиелеу. Осыны ылғи да есте сақтау керек. Отанды сүйе білу — үлкен қасиет. Мұны да жастар ұмытпауы керек, — деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Ал өз сөзінде Игорь Рогов жастарды жұмыспен қамтудың маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында сөз сөйлеген Дархан Мыңбай елімізде қолға алынған цифрландыру жүйесінің әлемдік тренд екенін, сонымен қатар бұл аяда біраз мамандықтардың өзгеретінін, бұл кәсіптік деңгейдің жоғары сатысы екенін атап өтті.

— Жастар ізденуге, жаңашылдыққа көп мән беру керек. Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі де жастарға арналған. Болашақта еңбек жастары қандай болуы керек? Еліміздегі түрлі бастамаларға олардың көзқарасы қандай? Барлық жастардың өзіндік пікірі қалыптасуы керек, — деді депутат.

Сонымен қатар, жиында сөз алған «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров аталған кәсіпорынның жастарға тиісті көңіл бөліп, оларды жұмысқа қабылдау арқылы еңбек жастарының белсенділігін арттыруға үлес қосып отырғанын жеткізсе, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов елімізде 4 миллионға жуық жастар бар екенін, бір ғана «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша өткен жылы республика бойынша 25 мың жастың жұмыспен қамтылғанын, оның ішінде мыңнан астам жастың жамбылдық екенін, сонымен қатар «Серпін» бағдарламасы арқылы Жамбыл облысынан 820 жастың білім алып жатқанын айтып өтті. Ал конференция соңында жастар қауымы тиісті тұлғаларға сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Бұдан кейін қоғамның әлеуметтік стандарттарын көтеру жөніндегі сессия өтті. Мұнда Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов, Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Дәурен Бабамұратов, PhD доктор, Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің доценті және PhD доктор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Муслим Хасенов жастармен пікір алмасты.

Айта кетейік, 27 қыркүйек күні бастау алған Еңбек жастарының республикалық форумы 29 қыркүйек күні аяқталады. Үш күнді қамтыған форум аясында еліміздің әрбір өңірінен келген жастар еңбек туралы ерекше ой түйіп қайтатынына сенім мол. Форум барысында ұйымдастырылған Кәсіподақ көшбасшысы мектебі аясында мотивациялық сессия, ұжымдық стандартты қалыптастыру жөніндегі стратегиялық сессия жұмыстары да жастарға көп нәрсе береді. Ал форумның соңғы күні жастар Меркі өңіріне этножорыққа шығып, тарихы мен табиғатын тамашалайтын болады.

Дереккөз:  egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.