Назарбаев: Астана Еуразия сенетін қалаға айналды

0 0

Бүгін Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі  NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биылғы жолдаудың бұған дейінгі жолдаудың жалғасы болатынын айтты.

«Біз осы жылдар аралығында түрлі саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделін арттырдық. ЭКСПО-ны өткізіп, 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төраға болдық. 20 жылда Астанамызды құрып, ол Еуразия сенетін жерге айналды. Халық саны 18 млн-ға жетіп, халықтың жас ұзақтығы 72 жарым жасқа жетті. Естеріңізде болса, бізде тек 14 млн халық қана болатын. Осы жылдар аралығында 350 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Ендігі стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіру. 2014 жылы «Нұрлы жол», үш жыл бұрын «100 нақты қадам» ұлт жоспарын қолға алдық, оны ұмытпаймыз, бәрі жалғаса береді. Істелген жұмыс көп, ары қарай жылжуымыз керек. Қосымша ары қарай үдетуіне әсер етуіміз керек. Біз жаңа биіктерге дайынбыз, соған қол соза білуіміз керек», — дейді президент.

Айта кетейік, жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.