Шу ауданының медиаторлары тұрғындармен кездесті

0 1

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Шу ауданында «Бірыңғай республикалық медиация күнін» өткізу мақсатында аудан деңгейінде медиаторлардың аудан тұрғындарымен кездесуі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ақсақалдардың басын қосқан бұл жиында Шу аудандық сотының судьясы М. Мыстаев қатысып, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Юлдашбаев жүргізді.

Шара барысында Мақсат Ғанибекұлы медиация жөнінде түсінік беріп, осы әдіспен шешімін тапқан мәселелер жайында тәжірбиесімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, бүгінде жергілікті жұртшылықтың мәселесіне ақыл қосып, медиаторлық міндетті абыроймен атқарып жүрген Т.Расилов, З.Қалиева, У.Инаркиев, Т.Абдулла сынды кәсіби мамандар Республикалық бірыңғай медиация күні аясында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жиында тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудағы медиацияның қоғамдағы рөлі талқыланды.  Осы саладағы атқарылып жатқан шаруаларды жіпке тізді. Аудитория тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиналғандар медиация туралы түсінікті кеңейтіп, қажетті мағлұматтардан құлағдар болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өткен жылдардың іс-тәжірибесі негізінде 5 тамыз  «Медиация күні» мәртебесін иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.