Шу ауданында іскер әйелдер кеңесінің жаңа ғимараты ашылды

0 1

Шу ауданында  аудандық және қалалық іскер әйелдер кеңесінің жаңа ғимараты халық игілігіне берілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ғимараттың ашылу салтанатына облыс және аудандардың шағын және орта кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысып, ортақ мақсатта іс-әрекеттегі көшбасшылық-кәсіпкерлік дағдыларын дамыту аясында «Әйелдер және бизнес» шағын және орта кәсіпорындарының басшыларына арналған семинар шебер-сыныбын өткізді.

Жиын барысында Шу ауданы әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың кермесін қиды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Айта кетейік, қоғам алдында әйелдердің іс-әрекеттегі көшбасшылық — кәсіпкерлік дағдыларын дамыту аясында «Әйелдер және бизнес» шағын және орта кәсіпорындарының атқарып жатқан жұмыстары жетерлік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.